Құрметті елорда тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС бірлесіп, Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын әзірлеуде.
Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу елорда дамуына инвестиция көлемін ұлғайту және инвестициялық қызмет үшін қолайлы жағдай жасау қажеттілігіне байланысты жүргізілуде.
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, елорда тұрғындарын Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспары жобасымен танысуға және оны талқылауға шақырамыз.
Жобалық шешімдерге қатысты көрме материалдарымен алдын ала жұмыс күндері 2025 жылғы 14-18 шілде аралығында Астана қаласы, Ә. Мәмбетов көшесі, 22 мекенжайы бойынша сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін (түскі үзіліспен) танысуға болады.
2025 жылғы 22 шілдеде Астана қаласы, Ә. Мәмбетов көшесі, 22 мекенжайы бойынша Макет залында сағат 10:00-де қорытынды қоғамдық талқылаулар өтеді.
Сондай-ақ, жобаның материалдарымен Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының ресми сайтында, https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet сілтемесі бойынша «Жаңалықтар» бөлімінде танысуға болады.
Негізделген ескертулер мен ұсыныстарыңызды (қағаз немесе электрондық түрде) 2025 жылғы 16 шілдеге дейін келесі электрондық пошта мекенжайына жолдай аласыздар: smgp@astangenplan.org.kz, тел.: 47 20 63 (2117).
Елорда өміріне белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамыз!