Қоғамдық талқылаулар өтті

Қоғамдық талқылаулар өтті

Іс-шара барысында келесі мәселелер қаралды:

1. «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» 4, 9 қабаттан 16 қабатқа дейін қабаттылықты ұлғайту бөлігінде ЕТЖЖ әзірлеу

Мекенжайы: «Алматы» ауданы, Б. Момышұлы және М. Жұмабаев даңғылдарының қиылысы ауд.

Өтініш беруші: «Кристалл Construction» ЖШС.

  1. «Кіріктірілген үй-жайлары, бизнес орталығы және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені, 1-2-7-16 қабатты» орналастыру бөлігінде ЕТЖЖ әзірлеу

Мекенжайы: «Алматы» ауданы, А. Тоқпанов және Шарль де Голль көшелерінің қиылысы ауд.

Өтініш беруші: «BN TRUST-1».

  1. «Коммерциялық үй-жайлармен және паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» 12 қабаттан 17 қабатқа дейін қабаттылықты ұлғайту бөлігінде ЕТЖЖ әзірлеу

Мекенжайы: «Алматы» ауданы, «Сарайшық» ауданы, А52, А190, А42 (жобалық атаулар) көшелер ауд.

Өтініш беруші: «MWC invest» ЖШС.

Талқылауға аудан әкімдігі, жобалаушы ұйымдар мен тапсырыс беруші компаниялардың өкілдері қатысты. Заңды тұлғалар өкілдері өз жобаларын таныстырып, жоспарланып отырған өзгерістер мен сәулеттік шешімдер туралы жан-жақты ақпарат берді. Қатысушылар қойған сұрақтарына толық жауап алды.

Мұндай қоғамдық талқылаулар өткізу – қала құрылысы саясатының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұрғындарды қала құрылысына бейжай қарамай, белсенді ат салысуға шақыруға бағытталған.