Іс-шара барысында Астана қаласы «Сарайшық» ауданы әкімінің аппараты» ММ өтініші бойынша келесі мәселелер қаралды:
- «Сарайшық» ауданы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 1/1 учаскесінде сквер орналастыруға арналған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын (ЕТЖЖ) әзірлеу;
- «Сарайшық» ауданы, Р. Қошқарбаев даңғылы, 30 учаскесінде сквер орналастыруға арналған ЕТЖЖ әзірлеу.
- Сондай-ақ, «Түркістан Сауда 2005» ЖШС өтініші бойынша «Алматы» ауданы, Қажымұқан мен Қ.Сәтбаев көшелерінің қиылысында сауда үйін орналастыруға арналған ЕТЖЖ әзірлеу мәселесі қаралды.
Жиналған жұртшылықтың қарасы көп болғандықтан тыңдау 3 сағатқа созылды. Әр қатысушы азаматтық ұстанымын білдірді. Үш мәселе бойынша өз пікірін айтып, дауыс берді.
Алдын ала қорытынды бойынша:
- Р. Қошқарбаев даңғылы, 1/1 учаскесінде (Нұрмағамбетова көшесімен қиылысында) сквер салуға 165 адам қолдап, 72 адам қарсы шықты, 12 адам нақты пікір білдірмеді;
- Р. Қошқарбаев даңғылы, 30 учаскесінде (ЖК «Сенатор» маңында) сквер салуға 150 адам қолдап, 119 адам қарсы болды, 1 адам дауыс бермеді;
- Сауда үйін салуды 52 адам қолдап, 145 адам қарсы шықты, 37 тұрғын бейтарап ұстанымда болды.
Дауыс беру нәтижелері тексерілуде. Қоғамдық талқылаулардың қорытындысы бойынша 2 жұмыс күні ішінде хаттама әзірленіп, Басқарманың ресми сайтында жарияланады. Дауыс берудің нақты нәтижелері хаттамада көрсетіледі.