Астананың Сарыарқа ауданында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған жаңа демалыс орны пайда болды. Ы.Дүкенұлы көшесі мен Республика даңғылының қиылысында орналасқан қоғамдық кеңістік күрделі жөндеуден өтті.
Жалпы ауданы 5,8 мың шаршы метрден асатын алаң абаттандыру жұмыстарынан кейін заманауи келбетке ие болды. Мұнда скейт-парк, әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, демалыс аймақтары және көлеңкелі орындықтар орнатылған.
Белсенді өмір салтын ұнататындар үшін спорттық тренажерлер мен жүгіру жолдары орнатылған, бұл кез келген уақытта таза ауада спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.
Қоғамдық кеңістік баладан қартқа дейінгі барлық тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы етіп жасалған.