«Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 жылғы № 505 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының нормалары мен талаптарына сәйкес егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын әзірлеу бойынша қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды:
- Астана қаласы, «Байқоңыр» ауданы, А. Пушкин көшесінде орналасқан жер учаскесінде «Қонақ үй кешенін салу және пайдалану» объектісін орналастыру бөлігінде, тапсырыс беруші «TOMIRIS SM 2023» ЖШС.
Қоғамдық талқылаулар 2025 жылғы 29 қыркүйекте сағат 11:00-де Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді.
📧 Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде Suyunova.zh@astana.kz электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол қабылданады.