«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.09.2020 жылғы № 505 бұйрығымен бекітілген қала құрылысы жобаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларының нормалары мен талаптарына сәйкес қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қоғамдық талқылаулар 2025 жылғы 17 шілдеде сағат 11:00-де Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді.
Заңды/жеке тұлғалардың өтініштері негізінде қаралатын мәселелер:
- ЕТЖЖ әзірлеу бойынша «Кіріктірілген үй-жайлары мен паркингі бар көп пәтерлі тұрғын үй кешені – 9-14-16 қабат» объектісін орналастыру, Астана қаласы, «Нұра» ауданы, Ш.Айтматов көшесі ауданы, тапсырыс беруші «ГРАНЕЛЬ-2» ЖШС.
- ЕТЖЖ әзірлеу бойынша «Кіріктірілген үй-жайлар мен қызмет көрсету нысандары бар көппәтерлі тұрғын үй кешені» түрінен «Кіріктірілген, жапсарлас салынған және жеке тұрған үй-жайлары, паркингі, қызмет көрсету нысандары, бизнес-орталығы бар – 2-7-9 қабатты көппәтерлі тұрғын үй кешені» объектісін орналастыру, Астана қаласы, «Нұра» ауданы, Қазыбек би мен Хусейн бен Талал көшелерінің қиылысы ауданында, тапсырыс беруші «Silkway DV-1» ЖШС.
- ЕТЖЖ әзірлеу бойынша «Көпқабатты тұрғын үй кешені, коммерциялық ғимараттар және паркинг – 12,17 қабат» объектісін орналастыру, Астана қаласы, «Нура» ауданы, Қазыбек Би көшесі мен уч. 23 қиылысы, тапсырыс беруші «СК БАЗАР» ЖШС.
- ЕТЖЖ әзірлеу бойынша «Төменқабатты тұрғын үй құрылысы – 3 қабат» объектісін орналастыру, Астана қаласы, «Нура» ауданы, Корғалжын тас жолы, 6/7 учаске, тапсырыс беруші Бертаев Ислам Серікұлы.
📧 Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде zhanarys.kadyrov@astana.kz электрондық мекенжайға немесе Астана қ., Ә. Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол қабылданады.
Астана ақшамы
17.07.2025 қоғамдық талқылаулар хаттамасы