Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы кеңесі туралы

«Қазақстан Республикасының астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 32-бабына сәйкес, Астана қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда елорданың Сәулет және қала құрылысы кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылсын. 2. Осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Кеңестің құрамы келісу үшін Астана қаласының мәслихатына енгізілсін. 4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.Ж.

Әкім                                                          Ж. Қасымбек

 

Шешім

Дата публикации
03 августа 2026