Сарыарқа ауданында абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Сарыарқа ауданында абаттандыру жұмыстары жалғасуда

Қазіргі уақытта аула аумақтарынан бөлек, жаңа қоғамдық кеңістіктер салу және тарихи көшелерді жаңарту бағытындағы жобалар іске асырылуда.

Мәселен, Гёте - Алтынемел көшелерінің қиылысында сүрілген үйлердің орнына заманауи демалыс аймағы абаттандырылуда. Сондай-ақ “Иллюзия” сквері қайта жаңғыртылып Гёте, Ә.Мәмбетов және Ғұмар Қараш көшелерінде абаттандыру және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.