Көпбалалы аналарға мемлекеттік марапаттар табысталды

Көпбалалы аналарға мемлекеттік марапаттар табысталды

«Сарыарқа» ауданында елордалық 24 алтын құрсақты ана алтын және күміс алқа иесі атанды. Аудан әкімі Жанасыл Шаукентаев көп балалы аналарды арнайы шақырып, мемлекеттік төсбелгіні табыс етті.

«Ана болу бұл үлкен жауапкершілік, нағыз ерлік. Сіздер отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тірегі болып отырсыздар. Ел болашағына сіңіріп жатқан еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Отбасыларыңыз аман, шаңырақтарыңыз шаттыққа толы болсын!», - деп аудан басшысы өз құттықтауын жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, «Күміс алқа» алқасымен алты баланы, «Алтын алқа» орденімен жеті және одан да көп баланы дүниеге әкіліп, тәрбиелеген аналар марапатталды.