Сарыарқа ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығын тойлау аясында тыл еңбеккерлері құттықтап, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан арнайы мерейтойлық медальдар табысталды.
Айта кету керек, Сарыарқа ауданында 467 тыл еңбеккері тұрады. Олар соғыс жылдарындағы қиын-қыстау кезеңде өндіріс, ауыл шаруашылығы, медицина және өзге де салаларда тынымсыз еңбек етіп, майданға мызғымас тірек бола білді.