
Сарыарқа ауданында жалпықалалық сенбілікке 20 мыңнан астам тұрғын мен мемлекеттік мекемелер өкілдері қатысты.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында 800-ден астам ағаш, оның ішінде тал, қарағаш және қарағай сынды бұтақтар отырғызылды. Көгалдандыру жұмыстары Бейбарыс Сұлтан көшесінің (Ш.Бейсекова көшесінен Көктал саябағына дейінгі аумақта), «Мирный дом», «Рио Де Жанейро» тұрғын үй кешендерінің маңында және Көктал саябағында жүргізілді.
Сонымен қатар, қатысушылар Есіл өзенінің жағалауын, Сарыбұлақ бұлағын, әлеуметтік нысандардың және тұрғын үйлердің іргелес аумақтарын тазартты.