Тарихи көшелерді жаңарту: Ауданда қай аумақтар абаттандырылады?

Тарихи көшелерді жаңарту: Ауданда қай аумақтар абаттандырылады?

Ағымдағы жылы абаттандыру жобасы аясында Гёте көшесі жаңартылады. Бұл аумақта 100-ден астам ағаш отырғызылып, шағын сәулеттік нысандары орнатылады. Сонымен қатар, қосымша автотұрақ орындары қарастырылып, тротуарлар кедергісіз орта талаптарына сай бейімделеді.

 

Ауқымды жұмыстар Ә. Мамбетов және Ғұмар Қараш көшелерінде де жүргізіледі. Мұнда қосымша көгалдандыру, жайлы демалыс аймақтары, бұрын жарықтандырылмаған аумақтарға жаңа жарық шамдарын орнату және бар жарық жүйесін жаңарту көзделген.

 

Сондай-ақ, жоба елордалық Арбат, «Кенесары хан» ескерткіші маңы, Променад және Е.Рахмадиев атындағы филармония алдындағы алаңды да қамтиды. Бұл жерлерде классикалық үлгідегі шойын шамдар орнатылып, заманауи көше жиһазы жайластырылады. Жерасты өткелі барлық тұрғындар үшін қолжетімді болатындай қайта жөнделіп, тротуарларға тактильді бағыттаушы жолақтар төселеді.