«Кітап-fest»: Елордада ашық аспан астында кітап фестивалі өтеді

«Кітап-fest»: Елордада ашық аспан астында кітап фестивалі өтеді

23 сәуір күні Есіл өзенінің жағалауында мәдени «Кітап FEST» фестивалі open-air форматында ұйымдастырылады.

 

Фестиваль барысында арнайы орнатылған кітап сөресінен қалаған кітабыңызды алып оқи аласыз немесе өзіңізден артық кітапты қалдырып, басқа біреудің оқуына мүмкіндік жасайсыз. Сонымен қатар, кітаптарды уақытша жалға алып оқуға да мүмкіндік бар.

 

Қонақтарды белгілі жазушылармен кездесулер мен автограф-сессиялар, жаңа туындылардың тұсаукесерлері, жас ақындар мен музыканттардың өнер көрсетулері күтеді.

 

Өтетін орны: Есіл жағалауы, М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаң

Қашан: 23 сәуір, 15:00 – 19:00