Сарыарқа ауданы аумағында көктемгі тазалық жұмыстары белсенді түрде жалғасуда. Кезекті сенбі күні аудан тұрғындары, құрылыс саласының мамандары, кәсіпкерлер, сондай-ақ білім, мәдениет және медицина мекемелерінің өкілдері бірлесіп, өздеріне тиесілі аумақтарды тазалап, ағаштар мен жасыл желектерді күтіп-баптау шараларын атқарды.