
Көктемгі сенбілік қала тұрғындарын, еңбек ұжымдарын, мемлекеттік органдардың қызметкерлерін, шағын және орта бизнес өкілдерін (базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, дәмханалар, мейрамханалар және т.б.), волонтерлерді, мектеп оқушыларын, студенттерді, сондай-ақ МИБ (ПИК), құрылыс компаниялары мен басқа да бастамашыл топтарды біріктірді.
Акция аясында қалада санитарлық тазарту жұмыстары жүргізіліп, көшелер, тротуарлар, аулалар, ішкі орам аумақтары мен қоғамдық кеңістіктер тазартылды.