Астанадағы апатты жатақханадан шыққан өрттен кейін тұрғындар уақытша орналастыру пунктіне көшірілді

Астанадағы апатты жатақханадан шыққан өрттен кейін тұрғындар уақытша орналастыру пунктіне көшірілді

9 сәуір күні таңертең елорданың Сарыарқа ауданы, Бұланты көшесінде орналасқан шағын отбасылық жатақхананың мансардалық алтыншы қабатынан өрт шығып, 1600 шаршы метр аумақты шарпыды.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті дер кезінде сөндіріп, 540 адамды, оның ішінде жеті баланы қауіпсіз жерге эвакуациялады.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Оқиға орнында психологтар жұмыс істеп жатыр. Тұрғындарға жан-жақты әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілуде. Олар уақытша орналастыру пунктіне жеткізіліп, қажетті жағдайлармен, тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Айта кетейік, бұл жатақхана апатты деп танылып, 2025 жылы сүру бағдарламасына енгізілген.