Сарыарқа ауданында аялдама павильондарын толықтай санитарлық жуу жұмыстары белсенді жалғасуда

Сарыарқа ауданында аялдама павильондарын толықтай санитарлық жуу жұмыстары белсенді жалғасуда

Қыс мезгілінде ауа райының қолайсыздығына байланысты аялдамаларда тек ішін тазалау – едендерді сыпыру мен ылғалды жуу жүзеге асырылды. Ал көктем келісімен барлық аялдамалардың беткі қабаттары, шыны панельдері мен қасбеттік бөліктері мұқият тазартылуда.

Аудан аумағында 72 жылы аялдама павильоны бар. Олардың 61-і аудан әкімдігінің қарауында болса, қалғандары инвесторлардың балансында. Сонымен қатар, ауданда 273 ашық типтегі аялдама орналасқан. Әрбір аялдаманы күрделі тазалау аптасына екі рет жүргізіледі, оған ылғалды жуу, сыпыру және қоқыс жинау кіреді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)