Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін: Ұлттық киімдер сән көрсетілімі өтті

Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін: Ұлттық киімдер сән көрсетілімі өтті

Сарыарқа ауданында Көктал тұрғындарының бастамасымен ұлттық киімдер сән көрсетілімі ұйымдастырылды. Бұл шара қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеп, ұлттық мұраны насихаттауға арналды.

 

Сән көрсетілімінде сәби киімдерінен бастап, жас жеткіншектер, келіндер, аналар мен ата-әжелерге арналған ұлттық киімдер паш етілді. Әрбір үлгі қазақтың терең мәдениетін, ою-өрнекке бай ұлттық нақышын және заманауи сәнмен үйлесімін көрсетті.

 

Көрсетілімнен бөлек, «Koktal Junior» және «Koktal Garden school» өнерпаздары мен Көктал тұрғындары дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.