
Сарыарқа ауданында мерекелік безендіру жұмыстары жүргізіліп, алаңдарда киіз үйлер тігіліп, ұлттық нақыштағы шараларға дайындық жалғасуда.
Наурыз мейрамы 21-22 наурыз күндері қаламыздың орталық алаңдарында, тұрғын алаптарында тойланады. Бұл күні дәстүрлі тағамдар әзірленіп, түрлі мәдени және спорттық іс-шаралар өтеді.
Баршаңызды көктемнің басты мерекесін бірге атап өтуге шақырамыз! Іс-шара өтетін орындар туралы толық ақпаратты ауданның парақшасынан және ресми сайттан көре аласыздар!