Ұлттық ұлан сарбаздары тыл еңбеккерлеріне қар тазалауға көмек көрсетті

Ұлттық ұлан сарбаздары тыл еңбеккерлеріне қар тазалауға көмек көрсетті

Наурызнама мерекесі аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының сарбаздары тыл еңбеккерлері мен ардагерлерге арналған акциясына қатысты. 5573 әскери бөлімінің сарбаздары қарттардың аулаларын қардан тазартып, үлкендерге деген құрмет пен қамқорлық көрсетті.

 

«Болашағымызға өлшеусіз үлес қосқан жандарға көмектесу – біздің абыройлы міндетіміз. Ардагерлер үшін қолайлы жағдай жасауға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз», – деп атап өтті акцияға қатысушы, қатардағы сарбаз Мейраш Алмас Айболатұлы.

 

Айта кету керек, 19 наурыз Сарыарқа ауданында санитарлық тазалау жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл істе орта және шағын бизнес өкілдері, ПИК/МИБ, медициналық және білім мекемелері сенбілікке шығып, өз аумақтарын тазартуда.