Астанада «Ulttyq ruh» республикалық инклюзивті ұлттық киім байқауы өтті

Астанада «Ulttyq ruh» республикалық инклюзивті ұлттық киім байқауы өтті

Наурызнама онкүндігі аясында, Ұлттық киім күніне орай М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында республикалық «ULTTYQ RUH» байқауы өтті. Бұл ерекше шара Қазақстанның дарынды дизайнерлері, сәнгерлері, қолөнер шеберлері және инклюзивті модельдерін біріктіріп, ұлттық дәстүрлердің заманауи үлгіде жаңғыруын көрсетті.

 

Байқау ұлттық киімді дәріптеуге, инклюзивті сәннің дамуына және экологиялық таза өнімдерді насихаттауға бағытталды. Қатысушылар этникалық нақыштар мен заманауи трендтер үйлескен ерекше топтамаларын ұсынды.

 

Сән көрсетілімінен бөлек, көрермендерге әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды. Сахнада инклюзивті домбырашылар ансамблі, «Еркелер» би ұжымы және басқа да талантты өнерпаздар өнер көрсетті.

 

Театр фойесінде ұлттық әшекейлер, аксессуарлар және қолдан жасалған бұйымдар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Келушілер қазақстандық қолөнершілердің ерекше туындыларын тамашалап, сатып алу мүмкіндігіне ие болды.