Сарыарқа ауданындағы жылы аялдама павильондарын күрделі жөндеу

Сарыарқа ауданындағы жылы аялдама павильондарын күрделі жөндеу

«Сарыарқа» ауданында жылы аялдама павильондарын күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Аталған аялдамалар 2015 жылы елордада алғашқылардың бірі болып орнатылған.

Жөндеу жұмыстары аясында жарықтандыру жүйесін толық ауыстыру, жаңа кондиционерлер мен жылытқыштарды орнату, аялдаманы толық бояу, сондай-ақ жаңа резеңке төсемін жайластыру жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 8 аялдама павильонын күрделі жөндеу жоспарланған және 5 жерде жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Сарыарқа ауданының аумағында жабық үлгідегі 66 аялдама кешені бар. Олардың 55-і әкімдіктің балансында, ал 11-і демеушілердің қаражаты есебінен абаттандырылған. Аялдамалар жылыту, бейнебақылау, жарықтандыру, электр қуаты және кондиционер жүйелерімен жабдықталған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)