Шетелдік елшілер елордадағы экологиялық акцияға қосылды

Шетелдік елшілер елордадағы экологиялық акцияға қосылды

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Малайзия, Палестина, Моңғолия, Иран және Ливия елшіліктерінің өкілдері Көктал саябағының аумағында ағаш отырғызуға қатысты.

Іс-шара аясында 200-ден астам ағаш отырғызылды, бұл аудандағы экологиялық жағдайды жақсартуға елеулі үлес қосты. Сондай-ақ, ағаш отырғызуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, ҚР Кәсіподақтар федерациясы, Ардагерлер кеңесі және «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты қатысты.

Еске салайық, ауқымды экоакция аясында қаланы, нөсер және арық канализациясы желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.