«Таза Қазақстан» экоакциясы: «Жасыл аймақ» аптасының шеңберінде ағаш отырғызу жүргізілді

«Таза Қазақстан» экоакциясы: «Жасыл аймақ» аптасының шеңберінде ағаш отырғызу жүргізілді

Экологиялық жағдайды жақсартуға арналған «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында «Жасыл аймақ» апталығы басталды.

«Жасыл аймақ» апталығы аясында «Сарыарқа» ауданындағы «Жастар-2» саябағында ауқымды ағаш отырғызылды. Оған белсенді тұрғындар, еріктілер, Қалалық мәслихаттың депутаттары және «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты қатысты. Саябақ аумағында қылқан жапырақты 300-ден астам ағаш отырғызылды. Сонымен қатар, алдағы күндері аудан аумағында 900-ден астам жасыл желек отырғызу жоспарланған.

Еске салайық, ауқымды экоакция аясында қаланы, нөсер және арық канализациясы желілерін санитарлық тазалау, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жұмыстары жүргізілуде.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)