Абаттандыру және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

Абаттандыру және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

"Сарыарқа"ауданының әкімі Бауыржан Ералы өзінің instagram парақшасында атап өтті: 

Ауданымыздың аумағын абаттандыру және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының нәтижелерімен бөліскім келеді. Бұл жұмыстар шағын сәулет нысандарын жөндеуді, кеспе тас жабындарын жаңартуды, көше орындықтарын, қоқыс салатын жәшіктерді және т.б. ауыстыруды қамтиды.

«Көктал» саябағында орындықтардың пластикалық бөліктерін ағаш кесектерге ауыстырып, жүгіру жолындағы тартан жабынын жаңарттық.

Бұдан басқа, «Әлия Молдағұлова», «Сиреневый» және «Есіл» өзенінің жағалауы және басқа да қоғамдық орындарды жөндеу - қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл жерлерде біз көшедегі жиһаздарды қалпына келтіріп, тазалаймыз және сырлаймыз.

Жиектерді, қоршауларды, билбордтарды, ШОБ маңдайшаларын жуу және тазалау және МАФ-тарды жуу да маңызды. Бұл жұмыстар ауданымыздың көшелерінде тазалық пен тәртіпті сақтауға көмектеседі.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Бауыржан Ералы аким района «Сарыарка» (@baurzhan_yeraly)