«Сарыарқа» ауданында субұрқақтарды қайта іске қосу басталды

«Сарыарқа» ауданында субұрқақтарды қайта іске қосу басталды

Коммуналдық қызметтер субұрқақтарды қыс айларында суықтан қорғаған конструкцияларды бөлшектеу жұмыстарын бастады. Қорғаныс жабындарын алып тастағаннан кейін механизмдер кір мен тоттан тазаланады. Бұдан әрі субұрқақтарды тексеріліп, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Аудандық аппараттың балансында 12 субұрқақ бар:
1. «Жастар театры» субұрқағы;
2. «Айналмалы шар» субұрқағы;
3. Атырау субұрқағы;
4. «Әлия Молдағұлованың ескерткіші» субұрқағы;
5. «Ақжайық» саябағындағы субұрқақ.
6. Абай даңғ. - Желтоқсан көшесі қиылысындағы субұрқақ;
7. Мәскеу көшесіндегі саябақтағы субұрқақ;
8. «Сирень» субұрқағы
9. Субұрқақтар каскады.
10. Қалалық алаңдағы субұрқақ (қалалық әкімдік ғимаратының алдында)
11. «Қазақ драма театры» субұрқағы
12. «Өмір ағашы» субұрқағы

Субұрқақтар 1 мамырдан бастап жұмыс істей бастайды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)