Тазару күні: Сарыарқа ауданы «Тазару» экоакциясына қосылды

Тазару күні: Сарыарқа ауданы «Тазару» экоакциясына қосылды

23 наурыз – Наурызнаманың соңғы және тазару күні. «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты «Астана Жастары» еріктілерімен және белсенді тұрғындармен бірлесіп «Тазару» экоакциясына қосылды.

Ауданды жинау жұмыстары Сарыарқаның барлық аумағында: оның ішінде орталық көшелерде, тұрғын алаптарында, саябақтарда, скверлерде, қоғамдық кеңістіктерде және аула ішіндегі аумақтарда жүргізілуде. Сондай-ақ, аялдама павильондарын, тротуарларды, жолдарды, жарықтандыру бағаналарын, қоршау және т.б. жуу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Бүгін «Сарыарқа» ауданын тазалауға 270-тен астам арнайы техника мен 650-ге жуық жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қыс мезгілінен кейін 3200-ге жуық адам ауданды тазалауға қатысты. Тұрғындардан басқа аумақта ШОБ, МИБ (ПИК) өкілдері, мәдениет және білім беру нысандары, құрылыс компаниялары, шағын және орта бизнес өкілдері тәртіпке келтірді. Айта кету керек, акция аясында еріктілермен бірге жалғыз басты зейнеткерлерге, ерекше мұқтаждығы бар адамдарға үйін тазалауға көмектесудеміз»,- деп айтты Ержан Жұмағұлов, «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары.

@akimat__astana
@astana_jastary