Наурыз мейрамы: Елордада қазақ күресінен ашық турнир өтті

Наурыз мейрамы: Елордада қазақ күресінен ашық турнир өтті

Наурыз мейрамын тойлау аясында елорданың қалалық алаңында тұрғындар арасында «Қазақ күресінен» ашық турнир өтті. 100-ден астам спортшы мықтылар атағына таласты. Олар үш салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Турнир жеңімпаздары: 55 келіге дейін - Дәулет Диас, 90 келіге дейін - Тұрсынбеков Ерасыл, ал ауыр салмақта - Жұмағали Алмас. Жеңімпаздарға тоңазытқыш, смартфон және теледидар сияқты бағалы сыйлықтар табыс етілді.