Жыл басынан «Сарыарқа» ауданының аумағынан 15 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындардың 26 нүктесі анықталды, оның ішінде 25 нүкте жойылды.
Аппарат мамандары экология полициясымен бірлесіп күнделікті мониторинг жүргізуде. Тәртіп бұзушыларды бейнебақылау камералары арқылы анықтаймыз. Сондай-ақ аудан тұрғындары да бұл мәселеде көмектеседі.
Айта кетейік, ірі көлемді, құрылыс және басқа да қоқыс түрлерін тек Алаш тас жолының бойында орналасқан елорданың экополигонына шығаруға рұқсат етілген. Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар көзделген. Осы бап бойынша жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал кәсіпкерлер үшін 30-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.