Аудан әкімі ардагерлерді мерекемен құттықтады

Аудан әкімі ардагерлерді мерекемен құттықтады

Аудан әкімі Бауыржан Ералы «Сарыарқа» ауданы Ардагерлер кеңесінің мүшелерін Халықаралық қарттар күні мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар табыстады.

«Үлкеннен үлгі алған кіші адаспас» дегендей, ардақты ардагерлеріміз кейінгі толқынға ақыл-парасаты мен өнегесін көрсетіп, ауданның дамуына лайықты үлес қосуда. Қазіргі таңда аудан бойынша 29 мынан аса зейнеткер болса, оның ішінде, Ұлы Отан ардагерлері, тыл жұмысшылары, қоғамдық белсенділеріміз бар. Сіздерге қоғам дамуына қосқан үлестеріңізге, белсенділіктеріңіз, атқарған еңбектеріңізге алғыс айтамын!» -, деп аудан әкімі өз жылы лебізін жолдады.

Еске сала кетейік, жыл сайын қазан айының 1-жұлдызы елімізде Қарттар күні аталып өтіледі.