
Тамыздың 12-і мен 27-і аралығында 2р демалыс күндері Demalys Promenade алаңында (Ә. Мәмбетов көшесі) және Ш. Қосшығұлұлы 14 мекенжайы бойынша мектеп тауарларының жәрмеңкесі өтеді. Жәрмеңке сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жалғасады.
Жәрмеңкеде кеңсе тауарлары мен мектеп киімдері сатылады. Қазақстандық өндірушілер де өз өнімдерін арзандатылған бағамен ұсынады.
«Жәрмеңкенің мақсаты – қала тұрғындарына оқушыларды оқу жылына дайындауға көмектесу. Жәрмеңкеде ата-аналар мен балалар қалам мен дәптерден бастап мектеп формасы мен спорттық киімге дейін бәрін таба алады. Сондай-ақ, шара отандық тауар өндірушілерді қолдауға да бағытталған. Сонымен жергілікті шеберлер мен қолөнершілерге қолдау көрсету мақсатында «Хас шебер» бірлестігін (Зиуар) тарту жоспарланып отыр. Жоспар бойынша шамамен 10-15 отандық тауар өндіруші қатысады», - дейді жәрмеңке ұйымдастырушылары.
Астана қаласы бойынша жәрмеңкелер өтетін мекенжайлар:
1) Цирк тұрағы;
2) «Аймақтау» сауда үйінің тұрағы;
3) Demalys Promenade аллеясы,
4) Қосшығұлұлы көшесі, 14;
5) Ботаникалық бақтың тұрағы;
6) Абылай хан даңғылы, 20а.