Жүрекпен сезіну: елордада ерекше балалар үшін шеберлік сыныптары, концерт ұйымдастырылды

Жүрекпен сезіну: елордада ерекше балалар үшін шеберлік сыныптары, концерт ұйымдастырылды

№1 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің он жылдық мерейтойына орай ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Жүрекпен сезіну» фестивалі өтті.

«Фестивальдің мақсаты – ата-аналарға ерекше балаларды оңалту мүмкіндігі туралы көбірек ақпарат беру және қалада түзету ұйымдарының бар екені туралы үнемі хабардар етіп отыру. 10 жыл ішінде бұл мекемеде бес мыңға жуық адам көмек алды. Бұл фестивальді өткізу аталған мекемелер қызметінің нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді», – деді білім басқармасы басшысының орынбасары Маржан Қайырбаева.

Айта кету керек, фестиваль барысында мүгедек балалардың отбасылары мен қала тұрғындары әртүрлі сала мамандарынан, атап айт¬қанда, сурдопедагог, педагог-психолог, тифлопедагог, логопед, дефектологтан балаларды ерте жастан оңалту мүмкіндігі туралы кәсіби кеңес алды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)