«Сарыарқа» ауданы бойынша рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен 1,5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

«Сарыарқа» ауданы бойынша рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінен 1,5 мың тоннадан астам қоқыс шығарылды

Жыл басынан бері «Сарыарқа» ауданында рұқсат етілмеген 9 жерде қоқыс үйіндісі анықталды және 1,5 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Абаттандыру ережелерін бұзған 20 адамға әкімшілік айыппұл салынды.

«Күн сайын экологиялық полициямен бірлесіп мониторинг жүргіземіз. Бұл мәселеде бізге тұрғындар да көмектеседі, сонымен қатар бейнебақылау камераларын қараймыз. Бүгінгі таңда рұқсат етілмеген 8 қоқыс орны толығымен жойылды, ал С-308 көшесінде қоқыс шығару жұмыстары жүргізілуде», - деді «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы Данияр Дастанұлы.

Айта кетейік, ірі көлемді, құрылыс және басқа да қоқыс түрлерін тек Алаш тас жолының бойында орналасқан елорданың экополигонына шығаруға рұқсат етілген. Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар көзделген. Осы бап бойынша жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал кәсіпкерлер үшін 30-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)