Абайлаңыз, құрғақ шөптің жануы

Абайлаңыз, құрғақ шөптің жануы

Жаз маусымының басталуымен құрғақ шөптің жану қаупі арта түседі. Өрт шығуын алдын-алу мақсатында «Сарыарқа» ауданының мобильді тобы аудан тұрғындарына сақтық шараларын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

 

«Сарыарқа» ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы келесі қауіпсіздік ережелерін еске салады:

 

құрғақ шөпке от қоймаңыз;

  • саяжай учаскелерінде қоқыс пен қалдықтарды тек арнайы жабдықталған алаңдарда ғана өртеңіз;
  • балалардың отпен ойнауына және ересектердің қарауынсыз от жағуына жол бермеңіз.
  • табиғатта демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз,жанып жатқан темекі қалдықтарын, сіріңкелерді жерге тастамаңыз;
  • Керосинді, газды және электр қосулы күйде қараусыз қалдырмаңыз;
  • Жаңа ғана тұтанып жатқан өртті көрсеңіз, оны сумен немесе құммен сөндіріңіз;

Өрт шыққанын бaйқаған жағдайда тұрғындарға 101 нөмері бойынша хабарласуды сұраймыз.