38 көпбалалы ана мемлекеттік наградаға ие болды

38 көпбалалы ана мемлекеттік наградаға ие болды
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)

 

 

«Сарыарқа» ауданының көпбалалы аналарына «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдары салтанатты түрде табысталды. Ел Президентінің жарлығымен ордендарды 38 әйел алды. Айрықша ордендер иелерін «Сарыарқа» ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов құттықтады.

«Сіздерді келе жатқан Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Өздеріңіз артылған жауапкершілік жүгін асыра бағалау мүмкін емес. Ең бастысы сіздер ел болашағын құратын азаматтарды өсіріп, тірбиелеуге үлес қосудасыздар. Осы жолдағы күнделікті ерең еңбектеріңізге шексім алғысымды білдіремін», - деп Жүсіп Жұмағұлов жылы лебізін жолдады.

Естеріңізге сала кетейік, «Күміс алқа» алқасымен алты баланы, «Алтын алқа» орденімен жеті және одан да көп баланы дүниеге әкіліп, тәрбиелеген аналар марапатталды.