«Көктем-2023»: Ауданда су тасқынына қарсы ауқымды оқу-жаттығулар өтті

«Көктем-2023»: Ауданда су тасқынына қарсы ауқымды оқу-жаттығулар өтті

«Көктем-2023» командалық-штабтық оқу-жаттығулары «Сарыарқа» ауданының аумағында өтті. Су тасқыны кезеңінде авариялық-құтқару іс-қимылдарын ауқымды пысықтауға 70-тен астам құтқарушы, өрт сөндірушілер, әскери, еріктілер және т. б. қатысты.

Сценарий бойынша қатысушыларға энергетикалық қосалқы станция мен республикалық трассаны су басудың алдын алу, адамдарды эвакуациялау және зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету міндеті қойылды. Тапсырмаларды шешу үшін құтқарушылар мен аудан әкімдігінің қызметкерлері бөгетті нығайту мен каналды қазындау бойынша іс-қимыл алгоритмін әзірледі.

«Мұндай оқу-жаттығуларда авариялық жағдайлар кезінде үйлесімді жұмыс жоспары әзірленеді. Сонымен қатар, кім қандай рөл атқаруы керек, қандай міндет атқару керектігі белгіленеді. Дегенмен, су басуға жол бермейтін бірқатар шаралар қабылдануда. Мысалы, қарды уақтылы шығару, бөгетті нығайту, инертті материал, мамандандырылған техника және т.б. дайындау», - деді «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Темірлан Аринов.

Айта кетейік, «Сарыарқа» ауданында су тасқынына қарсы іс-шаралар қаңтар айының ортасынан бастап жүргізілуде. Осы уақыт ішінде арық-науа желілері, дренаждық және жаңбыр қабылдайтын құдықтар тазартылуда. Сондай-ақ, жеке сектордан тұрғындар жол жиегіне жинаған қар шығарылады. Бұдан бөлек, қар тазалау қарашадан бастап екі ауысымдық режимде жүріп жатыр. Мәселен, қыс мезгілінің басынан бастап бүкіл аудан аумағынан полигонға 735 мың текше метрден астам қар шығарылды.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)