Әжелер сұлулық байқауы: Елордада алғаш рет «Super әже-2023» атағының иегері анықталады

Әжелер сұлулық байқауы: Елордада алғаш рет «Super әже-2023» атағының иегері анықталады



Астанада алғаш рет «SUPER ӘЖЕ-2023» байқау-жобасы өтеді. Дефиле, дарындылар шоуы және аспаздық өнер байқауларында 63 жастан асқан 10 әже бақ сынайды.

«Super Әже-2023» атағының иегерін анықтау үшін сайыскерлер төрт кезеңнен өтеді: визит карточкасы, аспаздық өнер, дарындылар шоуы және сән конкурсы. Бірінші турда қатысушылар өздері туралы айтып берсе, келесі кезеңде әжелер өздерінің аспаздық шеберлігін көрсетеді. Кейін еркін бағдарламада шығармашылық нөмір қояды. Конкурстың соңғы кезеңі - қатысушылардың дефилесі.

«Super Әже-2023» атағын ең көп ұпай жинаған қатысушы алады. Сондай-ақ, әжелер арасында әртүрлі номинациялардың иегерлері анықталып, бағалы сыйлықтар беріледі.

«Super Әже» жобасы – әжелерді белсенді әлеуметтік ортаға тарту, зейнеткерлік өмірге бейімделу бойынша өзіндік эксперимент. Бүгінде әжелерге үйде отырудың қажеті жоқ, олар өз таланттарын паш етіп, сахнада өнер көрсете алады. Біздің жобаның мақсаты -адамдарға 60 жастан кейін де өмір жарқын болатынын, эмоциялардың бай палитрасын бере алатындығын көрсету», - деп атап өтті жобаны ұйымдастырушы Валентина Толмачева.

Байқау 11 наурызда сағат 12:00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда өтеді (бұрынғы Конгресс холл). Көрермендер үшін кіру тегін.