«Сіздерге қарапайым іс, біз үшін - батырлық»: аудан әкімі әлеуметтік сала қызметкерлеріне алғысын білдірді

«Сіздерге қарапайым іс, біз үшін - батырлық»: аудан әкімі әлеуметтік сала қызметкерлеріне алғысын білдірді

«Сарыарқа» ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов өрт сөндірушілерге, медицина қызметкерлеріне, полицейлерге, әскери қызметшілерге, мұғалімдер мен тәрбиешілерге күнделікті жұмысы үшін алғысын білдірді.

«Бәлкім, сіз үшін күнделікті жұмысыңыз қарапайым нәрсе болуы мүмкін: адамдарға көмектесу, өмір құтқару, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өскелен ұрпақты болашаққа бағыттау, очының бәрі біз үшін - нағыз батырлық. Сіздер көпке үлгісіздер. Мұның себебі - кәсіпқойлығыңыз бен ондаған жылдар бойы жинаған тәжірибеңіз, іске адалдық пен адамдарға дегкн сүйіспеншілік, өмірдегі құндылықтарың. Сіздерге көп рақмет!» - деді Жүсіп Жұмағұлов өз сөзінде.

Алғыс хаттар түрлі пәндер бойынша республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлеріне де табысталды.