«Көктал-2» т.а. рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісінен 90 тонна қоқыс шығарылды

«Көктал-2» т.а. рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісінен 90 тонна қоқыс шығарылды



«Сарыарқа» ауданында Көктал, С-308, С-309 көшелеріндегі рұқсатсыз жиналған қоқыстарды жою басталды. Тек бір нүктеден 90 тонна қоқыс немесе 17 аударғыш жүк машинасының көлемі шығарылды.

«Экологиялық полициямен бірге күн сайын мониторинг жүргіземіз. Бұл мәселеде бізге тұрғындар көмектеседі. Сондай-ақ бейнебақылау камералары мен дрондарды да қостық.

Ауданның осы бөлігінде, яғни өнеркәсіптік бөлігінде, жақында қоқыс тастауға рұқсат етілмеген полигон табылды. Қазірдің өзінде аймақты тазартуға кірістік. Жоспарлы түрде жалғастыратын боламыз. Көктемгі және жазғы кезеңдерге аумақтағы қоқысты толық шығарып, тазартуды жоспарладық», - деді «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Нұржан Саренбаев.

Айта кетейік, ірі көлемді, құрылыс және басқа да қоқыс түрлерін тек Алаш тас жолының бойында орналасқан елорданың экополигонына шығаруға рұқсат етілген. Сондай-ақ, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК 505-бабы бойынша әкімшілік айыппұлдар көзделген. Осы бап бойынша жеке тұлғалар үшін 20 АЕК, ал кәсіпкерлер үшін 30-дан 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)