«Халық қатысатын бюджет»: Астаналықтарға абаттандыру жобаларын қалай құру керектігі айтылды

«Халық қатысатын бюджет»: Астаналықтарға абаттандыру жобаларын қалай құру керектігі айтылды

«Халық қатысатын бюджет»: Астаналықтарға абаттандыру жобаларын қалай құру керектігі айтылды

Елорда тұрғындарына «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысу туралы дәріс өткізілді.

Дәріс барысында тыңдаушыларға бағдарламаның критерийлері туралы және қала тұрғындарының дауыс беру кезеңіне жіберілетін жобаны қалай жасау керектігі туралы кеңестер айтылды.

«Бүгін абаттандыру бағдарламасы бойынша дәріске қатыстым. Дәріс барлық ережелерді түсінуге көмектесті. Бұрын бәрі қиын көрінетін, енді көп нәрсені түсіндім. Көршілермен бірге өз жобамызды әзірлеп, қатыспақшымыз. Жеңіске жетеміз деп үміттенеміз», - дейді елорда тұрғыны Анара.

Тегін дәріс «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының қолдауымен өтті.

Айта кетейік, «Байқоңыр», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандары әкімінің аппараттары «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына жобалық ұсыныстар қабылдауды бастады. Өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады. Осы кезеңде тұрғындар нақты өзгерістерді және жоба үшін қажетті соманы көрсете отырып, абаттандыру жоспарын әзірлеуі керек. Дайын жоспарды қала тұрғындары аудандық аппараттың ресми сайтына жүктейді. Өтінімдер техникалық тексеру және талдау кезеңінен соң тұрғындардың дауыс беруіне шығарылады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)