Көктал көшесінде қоқыс үйінділері анықталды

Көктал көшесінде қоқыс үйінділері анықталды

«Сарыарқа» ауданының өндірістік аймағында рұқсат етілмеген қоқыс нүктелері анықталды. «Полигонға» пайдаланылған құрылыс материалдары, құжаттар, тұрмыстық қалдықтарды шығарған. Аудандық аппарат мәселені шешу үшін қабылданатын шаралар туралы айтты.

«Қазіргі уақытта қысқа және ұзақ мерзімді шаралар қарастырдық. Мысалы, бүгіннен бастап экологиялық полиция мен жергілікті полиция қызметі осы маңайда кезекшілік жүргізетін болады. Жақын арада бейнебақылау камераларын орнатып, заң бұзғандары әкімшілік жауапкершілік тартамыз. Ауа-райының қолайлы жағдайымен қоқысты толығымен шығарып, аумақты тазалаймыз», - деді Темірлан Аринов, «Сарыарқа» ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы.

Айта кетейік, 2022 жылы «Сарыарқа» ауданында 1 млн.теңгеден астам сомаға 17 жеке және заңды тұлғаға белгіленбеген орындарға қоқыс шығарғаны үшін айыппұл салынды.

Естеріңізге сала кетейік, ірі көлемді, құрылыс және басқа да қоқыс түрлерін тек Алаш тас жолының бойында орналасқан елорданың экополигонына шығаруға рұқсат етілген.