⠀Аудандағы арық-науа желісін қардан, мұздан және тұрмыстық қоқыстан тазарту жұмыстары басталмақ

⠀Аудандағы арық-науа желісін қардан, мұздан және тұрмыстық қоқыстан тазарту жұмыстары басталмақ



15 қаңтардан бастап «Сарыарқа» ауданында тұрғын үй алаптарының арық-науа желілерін тазалау жұмыстары басталады. Қардан, мұздан және тұрмыстық қоқыстардан тазарту бүкіл жүйе бойынша жүргізіледі.

Су деңгейі көтерілуге қарсы іс-шаралар басталғанға дейін аудандық аппарат қызметкерлері су көтерілуге ықтимал аймақтар ретінде белгіленген жерлерге көшпелі кездесу өткізді. Кездесу «Сарыарқа» ауданы әкімінің орынбасары Айвар Зейнуллиннің, «Elorda Eco System» ұйымының бас директоры Тимур Шодановтың, аудандық ТЖБ қызметкерлерінің қатысуымен өтті. Аралау барысында әкімнің орынбасары су тасқыны кезеңінде жеке сектордың су басу қаупін азайтуға көмектесетін бірқатар тапсырмалар берді.

Ауданның 35 көшесінде 16 мың п. м. арық-науа жүйесі салынған. Мұндай жүйе жер асты, еріген және жаңбыр суларын өткізу үшін қажет.

Айта кетейік, өткен жылы «Сарыарқа» ауданында тұрғын алаптардың су басуын болдырмау үшін 2000 п.м. астам су өткізу құбырлары жабдықталып, 50 жаңбыр қабылдайтын және 7 дренаждық құдық орнатылды.