Олимпиада чемпионы спорт және шығармашылық орталығының тәрбиеленушілерімен кездесті

Олимпиада чемпионы спорт және шығармашылық орталығының тәрбиеленушілерімен кездесті

Лондон Олимпиадасының алтын медалінің иегері Серік Сәпиев Koktal Junior Hall тәрбиеленушілерімен кездесті.
Диалог форматында өткен кездесуде боксшы өзінің кәсіби мансабы туралы сұрақтарға жауап берді. Спортшы өзі үшін ең қиын жекпе-жек, қарсыластарымен достық және мектеп-интернатта оқу туралы айтты.

«Чемпион болу - көп жұмыс істеу деген сөз. Әрбір күнделікті жаттығу маңызды екенін ұмытпаңыздар. Бойда мұқалмас тәртіп тәрбиелеу табыстың кепілдігі», - деді Серік Сәпиев жас спортшыларға үндеуінде.
Сұхбат сессиясынан кейін Сәпиев балалардың спаррингтерін қарап, кәсіби кеңестерімен бөлісті .Содан соң қолтаңбалар таратты.

«Ұйымдастырушыларға осындай кездесу үшін үлкен алғыс айтамыз. Өздері үлгі ететін спортшымен кездесу балаларға үлкен мотивация бергеніне сенімдімін. Балаларды спортқа жығу үшін керекті жағдай жасау арқылы ғана емес, сонымен қатар осындай көрнекті адамдар өз кеңестерімен бөлісетін және өз жолдары туралы айтатын іс-шаралар арқылы да қолдау қажет», - деді тәрбиеленушілердің бірінің анасы.

Естеріңізге сала кетейік, «Сарыарқа» ауданында биыл Koktal Junior Hall спорттық-шығармашылық орталығы ашылған болатын. Көпфункционалды кеңістікте балалар мен жасөспірімдерге арналған тегін спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелер бар. Орталық күн сайын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Мекен-жайы: Ұлытау 1/1.