Сарыарқа аудандында жаңа оқу орталығы ашылды

Сарыарқа аудандында жаңа оқу орталығы ашылды
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)

 

Сарыарқа ауданында «Жақсылық арифметикасы» спорттық-шығармашылық оқу орталығы салтанатты түрде ашылды. Жаңа орталықта оқушыларға робототехника, менталды арифметика, тоғызқұмалақ ойнау, домбыра, қобыз, гитара тарту, вокал және IT курстары оқытылады. Сонымен қатар балалармен логопед жұмыс істейді.

 

«Аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына жеңілдіктер мен тегін білім беру қарастырылған. Бірінші филиалымызда қазірдің өзінде 197 оқушымен жұмыс істеп жатқан болсақ, екінші филиалдағы курстарға 400 шақты адам қатыса алады», - деді орталық жетекшісі Ұлжан Мырзагелдиева.

 

Айта кету керек, бүгінде елордада 150-ден астам оқу-шығармашылық орталықтары жұмыс істейді. Жаңа филиал Е. Серкебаев көшесі, 31 мекен-жайы бойынша орналасқан.