Аудан әкімі жалпы білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді

Аудан әкімі жалпы білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізді

Аудан әкімі Жүсіп Жұмағұлов мектеп, колледж директорларымен және балабақша меңгерушілерімен кездесу өткізді. Жиналыстың күн тәртібіне алдағы кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу мәселесі қойылды.

Айта кетейік, Сарыарқа ауданында дауыс беруге арналған 84 учаске жұмыс істейді, ал 183 мыңнан астам тұрғын сайлау құқығын пайдалана алады.

Сонымен қатар, директорлар мен меңгерушілер әлеуметтік нысандарға кірме жолдарды жайластыру және абаттандыру мәселелерін көтерді.