«Бір рух – бір қадам»: Сарыарқа ауданында жаппай жүгіру өтті

«Бір рух – бір қадам»: Сарыарқа ауданында жаппай жүгіру өтті

Сарыарқа ауданында спорт пен салауатты өмір салтын ұстанушылардың басын қосқан «Бір рух – бір қадам» атты жаппай жүгіру жарысы өтті. Қатысушылар Есіл өзенінің жағалауында 4 және 7,6 шақырым қашықтықтарды бағындырды.

Спорттық іс-шараға 1500-ден астам адам қатысты. Жарысқа әртүрлі жастағы тұрғындар, кәсіби спортшылар және жүгіруді жанына серік еткен әуесқойлар шықты.

Мәре сызығын сәтті аяқтаған әрбір қатысушы естелік медальмен марапатталды. Сонымен қатар, қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар мен тартулар ойнатылды.