
«Сарыарқа» ауданында үй жануарларын жауапкершілікпен ұстау және қараусыз жануарларға кезіккен кездегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.
Ветеринариялық қызмет мамандары оқушыларға жануарларға ізгілікпен қарау, көшеде өзін дұрыс ұстау, сондай-ақ үй жануарларын чиптеу мен зарарсыздандырудың маңызын түсіндіруде.
Сонымен қатар, аудан тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын алаптарды аралау барысында жануарларды жауапкершілікпен ұстау және оларды қараусыз жібермеу жөніндегі ұсынымдар қамтылған 300-ге жуық жадынама таратылды.
Жыл басынан бері ауданда 1 983 итке чип тағылып, 401 ит стерилизациядан өткізілді.