Ғасыр жасаған жанға құрмет

Ғасыр жасаған жанға құрмет

Тыл еңбеккері, еңбек ардагері Қазына Қазыбекқызының 100 жылдық мерейтойын атап өтуде.

1926 жылы Ерейментау өңірінде дүниеге келген Қазына Қазыбекқызы тылда еңбек етіп, саналы ғұмырын білім беру мен мемлекеттік қызметке арнап, ұстаз, мектеп директоры қызметтерін атқарды.

Еңбегі еленіп, «Тыл еңбеккері», «Еңбек ардагері» атақтарымен, мерекелік медальдармен марапатталған.

Ғасырлық ғибратты ғұмыр иесіне зор денсаулық, отбасына амандық тілейміз!