Әр қауіптің алдын алуға болады

Әр қауіптің алдын алуға болады

Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Сарыарқа» ауданында құқық қорғау органдарымен бірлесіп, жасөспірімдер мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

Үйіңізде кішкентай бүлдіршіндер болса, терезелерге арнайы бекіткіштер мен қауіпсіздік құрылғыларын орнатуды ұмытпаңыздар. Сонымен қатар балаларға терезеге шығудың және оның маңында ойнаудың қауіпті екенін түсіндіру маңызды.

Баланың қауіпсіздігі – ең алдымен ересектердің жауапкершілігі. Қарапайым сақтық шаралары қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі.