Астана автовокзалында профилактикалық рейд өтті

Астана автовокзалында профилактикалық рейд өтті

Елордадағы «Сапаржай» автовокзалының аумағында прокуратура, аудандық полиция басқармасы және кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық іс-шара өткізілді.

Рейд барысында қалааралық автобустар мен жүктері тексерілді. Тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында есірткі құралдарын іздеуге арнайы үйретілген қызметтік иттер жұмылдырылды.

«Заң және Тәртіп» қағидаты мен «Астана – есірткісіз қала» жоспары аясында тұрақты түрде өткізіліп келеді. Негізгі мақсат құқық бұзушылықтарды анықтап қана қоймай, есірткінің заңсыз айналымының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау.